Қазір аудиторлық тексеру өткізіліп жатыр.
Есеп беруі қаңтардың 2013 жылы жарияланады.

Аудиторлық
есеп беруін
көшіріп алу
5мб

«Эфес Қазақстан» ЖК АҚ компаниясы «Карагандинское» сауда маркасымен Қазақстан Республикасы Зоология институтымен және «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағымен бірге Қазақстан аумағында бүркіттерді қорғау бойынша «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» девизі бар бағдарламаны бастады.

Орёл

Бағдарлама 2012 жылдың шілдесінде басталып, 2013 жылдың соңына дейін жалғасады. Жобаның мақсаты – Қазақстан аумағында тарихи ареал шегінде бүркіттердің санын сақтау мен орнына келтіру үшін ғылыми негіздерді өңдеу, балапандарды ары қарай репродукциялау мен бостандықта көбейту үшін үйрету және шығару.

Жобаның мақсаттары:
1. Орнитологиялық зерттеу жүргізу және нақты уақытта бар Қазақстанда бүркіттердің мекендеу ареалын анықтау, сондай-ақ олардың қауымдастығының қысқаруына ықпал етуші ықпалдарды анықтау;
2. Қазақстанның Қызыл кітабына ендіру жаңартылған деректерді
әзірлеу;
3. Бүркіттерді тәлімбақта өсіру, олардың жабайы
табиғаттағы өмірге дағдылануы.

Cатып алынған
1 329 602
банка
Дерек көзі: «Эфес Казахстан» ШК АҚ сауда-саттық есептемесі

«Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» девизі бар бағдарлама біздің республиканың мақтанышы және көзайымы – бүркіттерге назар аударуға шақырады.

Бүркіт – тарихы 1958 жылдан басталған «Карагандинское» сауда маркасының ауыспас белшісі мен визуалды бейнесі.

Бүркіттер Қазақстанның Қызыл кітабына кіргізілген, олардың табиғаттағы саны жыл сайын азайып барады. Енді «Карагандинское» сырасының әрбір тұтынушысы біздің республикадағы бүркіттердің қауымдастығын сақтау үшін өз үлесін қоса алады.

Жобаны жүргізу аясында «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ компаниясы нарықта «Карагандинское» сауда маркасының кәдесыйлық қораптағы шектеулі сериясын ұсынады. Бүркіттің қызыл суреті бар ерекше қалбырдағы «Карагандинское» сырасы Қазақстан аумағы бойынша 2012 жылдың соңына дейін сатылады. Осы сериядан сатып алынған әрбір қалбырдан 2 теңге бүркіттерді қорғау бойынша бағдарламаны іске асыруға бағытталған.

Осы бағдарламаның маңызды қасиеттерінің бірі – оның ашықтығы. Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған қаржыны жинау «Price Waterhouse Coopers» тәуелсіз аудитор-компаниямен мониторланады және жоба бетінде акция жүргізу кезеңі бойында қолжетімді болады.

Бағдарламаның барысы туралы «Жобаның жаңалықтары» бөлімінде ақпараттарды қараңыз.

Серіктестер

«Эфес Қазақстан» ЖК АҚ компаниясының «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» бағдарламасы бойынша серіктестері – Қазақстан Республикасының Зоология институты және «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗООЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты» РМК 1932 жылы ашылған.

Қызметтің негізгі бағытына зоология, паразитология, энтомология, палеозоология саласында іргетастық және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жатады.

Зоология институтының құрылымдық бөлімшесіне қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша 7 ғылыми зертханасы, соның ішінде Институт базасында 1937 жылдан бері әрекет етуші орнитология зертханасы кіреді. Сонымен қатар Зоология институтында табиғат мұражайы бар.

Институттың қызметкерлері Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Франция, Германия, Ресей, Бірлескен Араб эмираттары, Қытай, Жапония, Австралия және әлемнің басқа елдеріндегі өз әріптестерімен тәжірибе және білім алмастырады.

«СҰҢҚАР» ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР ТӘЛІМБАҒЫ


«Сұңқар» жыртқыш құстарды өсіру бойынша Қазақстандағы жалғыз тәлімбақ болып табылады. Ол 1989 жылы ашылды, Алматы облысының көрікті шатқалы – Алма-Арасанда орналасқан.

«Сұңқар» тәлімбағының қызметінің негізгі түрі – сирек кездесетін, жоғалу қаупі бар жыртқын құстардың түрін өсіру мен сақтау. Тәлімбақтың мамандары құстарды зерттейді, олардың жабайы табиғаттағы өмір сүру деңгейін бақылайды.

Тәлімбақ аумағында жыртқыш құстардың орасан әртүрлілігін: ителгілерді, бүркіттерді, үкілерді, қара бүркіттерді, қаршығаларды ж.т.б. көруге болады.

Тәлімбақта қазіргі таңда жыртқыш құстарды өсіру мен баптау үшін барлық жағдайлар жасалған, орталық механикалық және компьютерлік инкубаторлармен жабдықталған. Тәлімбақтың төлдейтін саны 200 басты құрайды.

Жыл сайын тәлімбақ еріксіздікте өсірілген балапандардың 30% табиғатқа жібереді, олар жабайы табиғаттағы өмірге міндетті дағдыланудан өтеді.

Өз ғұмырында «Сұңқар» жыртқыш құстардың тәлімбағы олардың табиғи ортадағы қауымдастығын ұлғайту үшін жабайы табиғатқа 600 құс басын жіберді.

2013 жылы «Сұңқар» Қазақстанның материалды емес мәдени және табиғи мұрасы болып есептелінетін Қыран аңшылығының мұражайын ашуды жоспарлап отыр.

Бүркіттер

Бүркіт – бүкіл әлемге әйгілі қанатты жыртқыш. Бүркіттер барлық континенттерде мекендейді. Олардың көздері қырағы келеді. Бүркіттің мінездемесі әсерлі: күшті, батыл, екпінді. Олар кеміргіштермен, жыландармен, кесірткелер мен сүтқоректілермен қоректенеді.

Ең үлкен қыран бүркіт – Орта Азияның көшпелі аттыларының аушы құсы, барлық қиссалардың батыры. Оның қанат қағуы екі және одан да көп метрге жетуі мүмкін. Бүркіттер өз ұяларын үлкен биіктікте, көбінесе тауларда салады және оларды тіпті қыстың күні де тастамайды. Бұл құстар жұп болып өмір сүреді, аңға шығады және адал ата-ана болып келеді. Бүркіт жылына бір рет, 1-2 балапаннан ұрпақ әкеледі.

Бүркіт – шыдамды құс, жабайы табиғатта 20 жылға дейін өмір сүреді. Ол күніне килограмға дейін қорек жеуі мүмкін, сонымен қатар, қорексіз жарты айға дейін шыдайды. Бүркіттің көзі адам көзіне қарағанда 5-7 есе қырағы. Оның өзіндік сирек кездесетін қасиеті бар, көкте шарықтап жүріп, бір жарым-екі километр жердегі қорегін көре алады.

Бүркіт Қазақстанның барлық өңірлерінде мекендейді. Көбіне оны Үстірт, Сарыарқа, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Алатау, Көкшетау, Маңғыстаудың таулы аймақтарынан көруге болады. Бүркіт адамның қолы жетпейтін жалаңаш құздарда, көшпелі шағылдарда, орманды жерде, шөл даладағы сексеуіл бұталарында мекендеуді жөн көреді.

Бүркіт әлемнің әр түрлі халықтарының мифологияларындағы ең көп тараған бейнесінің бірі болып табылады. Этнографтардың зерттеуіне сай баяғыда қазіргі Қазақстанның аумағын мекендеген халықтар, бүркітті «даланың пірі», «көктің әміршісі», «аспанның еркесі», «құстардың патшасы», «қанаттылардың төресі» деп атаған екен.

Қазіргі Қазақстанда да бүркіттер ерекше белгі болып келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туында күн астында шарқыраған бүркіт бейнеленген, ол – ел бостандығының, тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны.

Соңғы жүз жылдықта бүркіт бұрын мекендеген көптеген аймақтардан жоғалып кетті, және мемлекет қорғауына алынды.

Бүркіттің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабында жоғалып бара жатқан түрдің мәртебесі бар.

Осы игілікті құстар – еліміздің көзайымы. Әрбір ұя, әрбір бүркіт – ұлттық құндылық пен дәулеттің нышаны.

Жаналыктар

27.06.2013

27 маусымда ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасының қазіргі жағдайы туралы есеп беру тақырыбы бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Шарада болашақ жылға бүркіттер популяциясын сақтау бойынша жобаны ұзарту туралы жарияланды. Efes Kazakhstan компаниясының «Карагандинское» бренд өнімдерінің лимиттелген сериясын өткізуден түскен қаражат (науқан 2013 жылдың 31-наурызына дейін болды) жоспарланғаннан көбірек жиналды. Нәтижесінде өнімнің 4 639 324 бірлігі өткізілді, ал бұл – 9 миллионнан астам теңге.

Қаражат жинау бойынша есеп беру анықтығын PriceWaterhouseCoopers халықаралық тәуелсіз аудиторлық компания тексеруі растады. Әлеуметтік бағдарламаларды мұндай қостау халықаралық стандарт болып табылады. Жоба аясында «тәжірибелік» бүркіттерді отырғызу және шығару орнын таңдау мақсатында, ҚР зоология Институты мен «Сұңқар» тәлімбағының қызметкерлері 2013 жылдың сәуірінде Алматы облысы мен Алматы қаласының (Шу Іле таулары және Үлкен және Кіші Бұғыт, Сөгет және Торайғыр тауларындағы аңшы шаруашылықтары) өңірлері бойымен орнитологиялық экспедицияға шықты. Бағдардың жалпы ұзындығы 2500 км-ді құрады.

«Көктем кейбір аудандарда 2013 жыл жыртқыш құстар саны мен төліне аса бай болмағанын көрсетті. Осылай, мысалы, Үлкен және Кіші Бұғыт аудандарында бұл өңірлерде бұдан бұрын 20-дан кем емес жұптардың ұялағанын ескере отырып, барлығы 6-7 бүркіт жұбы қалған. Бұл аудандарда табылған 12 бүркіт ұясының ішінен осы жылы бүркіттер жұбы ұрпақ әкелген тек 2 ғана толық тұратын ұя болып шықты - деп тілшілермен кездесуде ҚР зоология Институтының тәжірибелі орнитологы әңгіміледі. – Бұл біздің тәжірибеміздің маңыздылығын және оның уақытылы екендігін тағы да растайды».

Экспедиция нәтижесінде «Сұңқар» жыртқыштар тәлімбағында осы жылдың 3-мамырында тәжірибе аясында туылған балапандарды отырғызатын орын ретінде Алматы қаласынан 200 км Алматы облысындағы Манул аңшылық шаруашылығы таңдалды. Үш балапандарды отырғызу 21-мамырда жүргізілді. «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағының орнитологы Сергей Шмыгалев айтқандай, «табиғатта бүркіт балапаны ата-аналарының ұясында 60 күнге дейін болады, сонан соң қанаттары қатайып, ата-аналарының үйінен ұшып кетеді. Тәжірибелік бүркіттерге іс жүзінде екі ай болды, отырғызу орнына демалыс күндеріндегі соңғы бару екі бүркіттің ұядан ұшып кеткенін, ал біреуі әлі ұяда болып, бірақ өзінің алғашқы ересек ұшуын орындауға дайын екенін көрсетті».

бҚатарлас «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағының 4 бүркіті оларды жабайы табиғатқа бейімдеу мақсатында арнайы ұшып айналу вольерлерінің ерекше жағдайларына ауыстырылды. Құстардың адамдармен байланысы аса шектелген, себебі құс адамға үйреніп қалуы мүмкін. Сондықтан вольерлер тәлімбақтан алыстатылып, тауларда орналасқан. «Құстарды біз өткен жылдан бері үйреттік, - дейді «Сұңқар» тәлімбағының директорлар кеңесінің Төрағасы Виктор Булекбаев, - және қазіргі уақытта олар үйретіліп, іс жүзінде шығаруға дайын. Ақырғы шығаруды 2013 жылдың тамызында жүргізу жоспарлануда.

21.05.2013

Қазақстандық Бүркіттің үш балапаны жабайы табиғатта

Үстіміздегі жылдың 21 мамырында «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» жобасының аясында 3 мамыр күні туылған үш бүркіт балапаны Алматы облысы жабайы табиғатындағы жыртқыш құстардың ұяларынан өздерінің жаңа үйлерін тапты.

Қазақстандық ғалымдар тәжірибелік бүркіттердің болашақта өмір сүретін орны мен территориясын бірнеше ай бойы сұрыптады. Анағұрлым оңтайлылары ретінде жыртқыш құстардың алты ұясы таңдалды: 2 ұя ересек бүркіттердікі, бір ұя дала бүркітінікі және енді үш ұя ақсары-көксарылардың ұялары.

ҚР Зоология институты жобасы серіктестерінің бірі, маман орнитолог Коваленко Андрейдің сөзіне сенер болсақ, «жыртқыш құстардың ұяларын таңдау барысында, ең алдымен, бүркіттерге арналған азықтың молдығына, жабайы табиғаттағы құстардың біріге өмір сүруіне жеткілікті кеңістікке, және маңайдың күзетілуіне баса назар аударылды... біз балапандарды асырап алған ата-аналары жақсы болатынына сенімдіміз».

Тәжірибелік құстарды ұяларға орналастыру кезіндегі салмақтары орта есеппен 700 бастап 900 грамға дейін болды. Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде балапандардың жағдайлары жақсы, олар өздерін өз үйлеріндегідей жайлы сезінуде. 

Өткен көктем Қазақстан 2013 жылы жыртқыш құстардың балапандауына аса бай болмайтынын білдіргендей. Бұл балапандарды ұяларға орналастыруға табиғи оңтайлы жағдай жасайды, себебі «үй» бүркіттері масыл болмай, туғандарындай қабылдануы әбден мүмкін. Сондай-ақ, «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» бағдарламасының уақытылы жүзеге асырылғанын дәлелдейді. 

Тәжірибенің қауіпсіздігі үшін және қаскөйліктен сақтану үшін серіктестер бүркіттердің жабайы табиғатта орналасқан жерлерін құпияда сақтап отыр. Бағдарлама мамандары ұяға жаңа қоныстанушыларды тәулік бойы жасырын түрде бақылап жүр. Асырап алушы ата-аналарға бір ай бойы әрбір үш күн сайын тамақ беріліп отырады. Және балапандар ұяларынан ұшып кеткен жағдайда да, орнитологтар бақылауларын тоқтатпайды. Бұл үшін мамандар ұяға қондырар алдында жас бүркіттерге чиптер бекітіп қойған болатын.

3.05.2013

«Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» жобасының стратегиялық оқиғасы
 
3 мамыр күнінің бірінші жартысында «Сұңқар» тәлімбағында алғашқы үш балапан дүниеге келді, олар «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» атты Қазақстандағы бүркіттерді сақтау бойынша жоба аясында жабайы табиғатқа жіберілетін болады.
 
Балапандардың тұмсықтары үлкен, өткір, көздері қара, ал денесі арқа жағында сұрланып келген ақ мамықпен жамылған. Бірінші болып дүниеге келген және ең ірі балапанның туылған кездегі салмағы 100 грамм болған.

Алғашқы күндері жаңа туылған балапандар орнитологтардың қарамағында болды. Балапандардың денсаулығының штаттық дәрежесі олардың алғашқы өмір сүру күндерінде азықты қабылдау үдерісі және оны қорыту үдерісі сияқты сипаттамалар негізінде анықталады.
 
Бүркіттердің жұмыртқалары пайда болысымен сақтық мақсатында арнайы орынжайға – инкубаторға орналастырылды, мұнда тұқымның дамуына оң әсерін тигізетін барлық сыртқы орта жағдайлары жасалған. Инкубаторлардағы үнемі бірқалыпты оңтайлы температура және ауа ылғалдығы, ауа алмасуы және жұмыртқаларды бірнеше күнде бір рет аударып отыру үдерісі толығымен сау балапанның туылуы мүмкіндігін 95% дейін ұлғайтатыны ғылыми негізде дәлелденген. Сонымен қатар, бүркіттер ұя салатын кезде басқа жыртқыш құстарға қарағанда адамның қатысуына аса сезімтал келеді. Құс қорыққанынан ұядағы жұмыртқасын құлатып алуы мүмкін. Сол себепті әрбір балапанның өмірін сақтап қалу үшін бүркіттердің барлық жұмыртқалары инкубаторға орналастырылды.

Бұрын айтылғандай, жобаның серіктестері ҚР Зоология институты, Efes Kazakhstan компаниясы және «Сұңқар» жыртқыш құстардың тәлімбағы жабайы табиғатқа 8 жас бүркітті ұшыруды жоспарлап отыр. Тәжірибелік балапандар үшін «Сұңқар» тәлімбағынан 4 бүркіт жұбы таңдалғанын еске сала кеткен жөн. Олар арнайы жағдай жасалған жеке торларға орналастырылып, олар 3 ай бойы тәулік бойы бақылау астында болды.

14.01.2013

«Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» бағдарламасы іске қосылды. Бізде миллионнан аса қазақстандық қолдады!

Бүркіттер қауымдасын қалпына келтіру жөніндегі жобаның шеңберінде Қазақстанның аумағында «Карагандинское» брендінің шектеулі сериясы миллионнан аса бірлікте (1 329 602) сатылды. Бүркіт қызыл түспен бейнеленген ерекше орамдағы өнім «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасы үшін арнайы шығарылған еді.

Бағдарламаның серіктестері сәтті бастаманың көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің белсене түрде қолдауына негізделгенін атап өтті. Мысалы, бүркітті бағалап, құрметтеушілердің бірі Forbes Kazakhstan бас редакторы Вадим Борейко былай дейді: «Сіздердің бастаманы рахаттанып қолдаймын. Өйткені бүркіт – елдің символы, сондықтан жоба аса маңызды».

Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі пайдаланушылар да бағдарламаны белсене қолдап жатқанын айта кету керек. Біздің қатысушылар былай деп жазады:

«Жаңа Жылда жобамен бірге сіздерге сәттілік тілеймін!»
«Тамаша тәжірибе! Қазақстан барлық планетаның алды болсын!»
«Сіздердің еңбектеріңіз жанады деп үміттенемін, біздің бүркіттердің саны көбейсін, ал біз соған мақтанайық»
«Бүркіттерді сақтау жөніндегі сіздің жобаға өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын!»


Efes Kazakhstan, Зоология институты және «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағы атынан жобаның ұйымдастырушылары сенім мен қолдау танытқаны үшін қазақстандықтарға алғысын білдіреді. Осы себепті жобаға өз үлесін қосып үлгермегендерге жобаға қатысу мүмкіндігін ұсыну үшін акцияны 2013 жылғы наурыздың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

23.10.2012

Ағымдағы жылдың 23 қазанында Алмаарасан шатқалындағы «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағында «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» бірегей жобасының қорытындыларын шығарған баспасөз туры болып өтті. Қазақстан Республикасы Зоология институты, «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағы және Efes Kazakhstan компаниясы серіктестігі жанында жүзеге асырылған жобаның негізгі мақсаты – Қазақстандағы бүркіттер қауымдасын қалпына келтіру. Баспасөз туры барысында журналистер жобаның кейбір қорытындыларын және оны бұдан әрі іске асыру жоспарларын ұсынды.

«Алғаш рет Қазақстанда жобаның аясында жабайы табиғаттағы бүркіттердің санау және олардың санына әсер ететін фактілерді анықтау жөнінде ауқымды ғылыми экспедиция жүргізілді. Зерттеу өткен жазда Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Алтайдан Қаратау және Қаржантау тауларына дейін өтті. Біз 650 жұп бүркітті жазып қойдық. Бұл 20-50 шаршы шақырымға барлығы бір жұп бүркіт, қалыпты саны 5-10 шаршы шақырымға бір жұпты құрауы тиіс», - Қазақстан Республикасы Зоология институтының өкілі, танымал орнитолог Николай Березовиков деп хабарлады.
Оның айтуы бойынша, елімізде бүркіттердің саны азайып жатыр және оның себептері өте көп. Олардың ішіндегі бастылары – азық қорының жеткіліксіздігі, адамның іс-қимылдары нәтижесінде құстарды биік тауға ығыстыру, ұя салатын кездегі мазасыздық, өрттер және жоғары вольтты электр тарату желілері.

Жобаның шеңберінде 2013 жылы Қазақстандағы жалғыз Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағының негізінде жасанды ортада өсірілген және асырап алынған бүркітті жабайы табиғатқа шығару бойынша сынап көруді өткізу жоспарлануда. Мамандардың пікірі бойынша, бұл жыртқыш құстардың жоғалған түрлерінің санын қалпына келтірудің тиімді әдісі және ғылыми жаңалық болмақ.

Республикамыздағы бүркіттер қауымдасының сақталуына әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алатынын тағы да атап кетеміз. Efes Kazakhstan компаниясы компаниясы нарықта «Карагандинское» сауда маркасының кәдесыйлық қораптағы шектеулі сериясын ұсынады. Бүркіттің қызыл суреті бар ерекше қалбырдағы «Карагандинское» сырасы Қазақстан аумағы бойынша 2012 жылдың соңына дейін сатылады.. Осы серияның әрбір банкасын сатудан түскен қаражаттардың бір бөлігі бүркіттерді қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын болады. Осы бағдарламаның бірден-бір маңызды өлшемдерінің бірі оның айқындығы болып табылады. Жобаны жүзеге асыруға арналған қаражаттарды жинау Price Waterhouse Coopers тәуелсіз аудитор - компаниясы арқылы бақыланатын болады. Жобаның барысы туралы ақпаратты біздің сайттың «Жоба жаңалықтары» бөлімінде қадағалауға болады.

Фотогалерея
Есімі
Байланыстар
Хабарлама
Бізге сұрақ қойыңыз
Хабарлама жіберу
Бізге әлеуметтік жүйелерінде қосылыңыз: